Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы № 1640 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

    Жаңа
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 наурыз 1998 ж.

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

    үшiншi тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    "3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне төрт вице-министр, оның iшiнде бiр бiрiншi, сондай-ақ он жетi адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.";

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ережеде:

    49-тармақтың алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

    "Штат кестесi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген қызметкерлер саны мен еңбекақы төлеу қоры шегiнде бекiтiледi".

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.