Темiр жол қызметiне арналған тарифтер туралы

    Күші жойылған
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Темiр жол қызметiне арналған тарифтер туралы

    "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 қаңтардағы N 56 қаулысын орындау үшiн /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 3, 17-бап/ Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

    Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 1996-1997 жылдары мемлекетаралық және республикаiшiлiк қатынастарда темiр жол жүктерiн тасымалдауға арналған бiрыңғай тарифтерге кезең-кезеңмен өтудi қамтамасыз етсiн.

    Республикаiшiлiк қатынастардағы темiр жол жүктерiн тасымалдауға арналған тарифтер:

    I кезең : 1996 жылғы 1 қазаннан бастап - 9 процентке;

    II кезең : 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап - 9 процентке;

    III кезең : 1997 жылғы 1 сәуiрден бастап - 9 процентке;

    IҮ кезең : 1997 жылғы 1 шiлдеден бастап - 7 процентке;

    Ү кезең : 1997 жылғы 1 қазаннан бастап - 8 процентке өсiрiлсiн.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.