«Оңтүстіксушаржоба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 18,43,67,69 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31,37 баптарына, Арыс қаласының жер комиссиясының 2025 жылғы 11 қарашадағы №27 қорытындысына, Арыс қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 2 ақпандағы №60,61 «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекіту туралы» бұйрықтарына және «Оңтүстіксушаржоба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішіне сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Оңтүстіксушаржоба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне БСН 091040020022 Арыс қаласы, Байырқұм, Жиделі ауылдық округі аумағынан канал құрылысын салу үшін /ықшам сызбаға сәйкес/ аумағы – 114,5 гектар жер учаскесі шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай, қысқа мерзімге – 4 жыл 11 ай жалға қауымдық сервитут болып белгіленсін.
2. Арыс қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Арыс қаласының әкімі
Қ.Маңқараев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.