2026 жылға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік кодексінің 142 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 бұйрығына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Кентау қаласы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласының әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
Ж.Тасов
Кентау қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 05 ақпандағы
№ 49 қаулысына
қосымша
2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері
Көрсетілген қызметті беруші шарттарда қызмет көрсетеді:
1. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
2. Балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша іс-шараларды өткізу;
3. Он сегіз жастан асқан тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
4. Егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттар.
|
№
|
Атауы
|
Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге)
|
|
1
|
Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастар 18 жасқа дейін)
|
64006,53
|
|
2
|
Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға үйде күтім жасау жағдайында әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастар 18 жасқа дейін)
|
64006,53
|
|
3
|
Он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
|
64006,53
|
|
4
|
Егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттар
|
41517,27
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.