Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 және 1997 жылғы 19 қарашадағы N 1608 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

    Күші жойылған
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 және 1997 жылғы 19 қарашадағы N 1608 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

    "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын жүзеге асыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 қаулысында:

    көрсетiлген қаулының 2-қосымшасындағы "Ауылшарминi" деген жолдағы "210" деген сан "211" деген санмен ауыстырылсын;

    көрсетiлген қаулының 3 қосымшасындағы "Ауылшарминi" деген жолдағы "7" деген сан "8" деген санмен ауыстырылсын;

    "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 қарашадағы N 1608 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 50, 464-бап):

    3-тармақтағы "екi" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын, "9" деген сан "10" деген санмен ауыстырылсын;

    4-тармақтағы "7" деген сан "8" деген санмен ауыстырылсын.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.