Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 4154 «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 4154 «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бөлімнің штат санының лимиті Өскемен қаласы әкімдігімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) Өскемен қаласының даму жоспарын әзірлеу, мониторингілеу және түзету;».
қаулының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Өскемен қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.».
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі
А. Акышов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.