Түлкібас ауданы әкімдігінің 2026 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 ақпан 2026 ж.

    Түлкібас ауданы әкімдігінің 2026 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін қалыптастыру ережелері мен әдістемесіне» сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2026 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»-не жетекшілік ететін Түлкібас аудан әкiмінің орынбасарына жүктелсiн.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

    Аудан әкімі

    А. Естибаев

    Түлкібас ауданы әкімдігінің

    2026 жылғы «___» _______

    № ___ қаулысына қосымша

    Түлкібас ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетушілерге арналған тарифтері

    Көрсетілетін қызметті беруші шарттарда қызмет көрсетеді:

    1. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

    2. Балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша іс-шараларды өткізу;

    3. Он сегіз жастан асқан тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.

    Атауы
    Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге)
    1.
    Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастан 18 жасқа дейін)
    69 804,45 ₸
    2.
    Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға үйде күтім жасау жағдайында әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастан 18 жасқа дейін)
    69 804,45 ₸
    3.
    Он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедек адамдарға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
    69 804,45 ₸

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.