Ғылым мен техниканы дамытуға елеулi үлес қосқан ғалымдар мен мамандарды және талантты жас ғалымдарды мемлекеттiк қолдау шаралары туралы
"Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 86-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Ғылым мен техниканы дамытуға елеулi үлес қосқан ғалымдар мен мамандар үшiн әрқайсысы жыл сайын республикалық бюджетте белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң 10 еселенген мөлшерiнде 75 мемлекеттiк ғылыми стипендия және талантты жас ғалымдар үшiн - әрқайсысы айлық есептiк көрсеткiш көлемiнiң 7 еселенген мөлшерiнде 150 мемлекеттiк ғылыми стипендия тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы екi ай мерзiмде мемлекеттiк ғылыми стипендиялар туралыереженi әзiрлесiн және Үкiметтiң бекiтуiне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылдан бастап республикалық бюджет қаражатын қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк ғылыми стипендияларды төлеуге арнап қаражат көздейтiнболсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.