Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 3/496 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1738 болып тіркелген);
2) «Алматы қаласы әкімдігінің «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 3/496 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 3/523 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1791-02 болып тіркелген).
2. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4.Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі
Д. Сатыбалды
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.