Педагогикалық қызметкерлердiң жекелеген санаттарына оқу /педагогикалық/ жүктемесi нормасын бекiту туралы
"Қазақстан Республикасының бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2829 Заң күшi бар Жарлығын /Қазақстан Республикасының Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 183-бап/ орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. 1996/97 оқу жылына арналған жалпы бiлiм беретiн орта және кәсiби-техникалық мектептердiң мұғалiмдерi мен оқытушылары үшiн мынадай мөлшерде оқу /педагогикалық/ жүктемесi бекiтiлсiн:
жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң алғашқы басқыш мұғалiмдерi үшiн - аптасына 20 сағат;
жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң екiншi және үшiншi басқыш
мұғалiмдерi мен кәсiби-техникалық мектептердiң оқытушылары үшiн - аптасына 18 сағат.
2. Аталған өзгертулер бiлiм беруге және кадрларды 1996/97 оқу жылының үшiншi тоқсанынан бастап кәсiби даярлауға арналып 1996 жылы бөлiнген бюджеттiк қаражат шегiнде жүргiзiлсiн. Артылған қаражат олардың нақтылы оқу жүктемесiне байланысты аталған педагогикалық қызметкерлердiң санаттарына үстемеақы, қосымша ақы төлеуге бағытталсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.