Жетісу облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Жетісу облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

          «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2) тармағына сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жетісу облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші осы шешімнің қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.

    2. «Жетісу облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы (А. Жазықбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

    1) осы шешімді «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Жетісу облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасының міндетін атқарушы

    Р. Салыкова

    Жетісу облыстық мәслихаты

    2026 жылғы 5 ақпандағы № 34-205

    Шешіміне қосымша

    Жетісу облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

    1. «Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4-31 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 43-19 болып тіркелген);

    2. «Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4-31 «Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 16 шілдедегі № 18-113 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 234-19 болып тіркелген);

    3. «Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4-31 «Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 қарашадағы № 23-138 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 251-19 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.