Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

    Күші жойылған
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

    1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

    "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын iске асыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 қаулысына:

    көрсетiлген қаулының 1-қосымшасына:

    "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi" деген жолдар алынып тасталсын;

    "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Авторлық құқықтар жөнiндегi агенттiгi" деген жолдардан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

    "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi";

    көрсетiлген қаулының 2-қосымшасына:

    "Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi" деген жолдағы "525" деген сан "503" деген санмен ауыстырылсын;

    "Энергетика, индустрия және саудаминi" деген жолдағы "235" деген сан "257" деген санмен ауыстырылсын;

    "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi, "Қазпатент" және "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1552 қаулысына:

    көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi туралы ережеге:

    7-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    "стандарттау саласында стратегиялық жоспарлау жасау, "Қазақстан-2030" Стратегиясын жүзеге асыру үшiн қажеттi әлемдiк деңгейдегi мемлекеттiк стандарттарды жасауды үйлестiру және олардың енгiзiлуiн және қолданылуын бақылау";

    8-тармақтың он сегiзiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    "Қазақстан-2030" Стратегиясын iске асыру үшiн қажеттi әлемдiк деңгейдегi мемлекеттiк стандарттарды жасау тапсырмаларын қалыптастырады, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың оларды енгiзуiн және қолдануын бақылайды";

    көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымына:

    "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында) деген жолдар алынып тасталсын;

    "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 қарашадағы N 1642 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 51, 470-құжат):

    көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi туралы ережеге:

    7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

    "стандарттау, метрология және сертификаттау саласында мемлекеттiк саясат жүргiзу";

    8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

    "орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың әлеуметтiк - экономикалық және техникалық ақпаратты халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттiк стандарттау, сертификаттау және өлшем, жiктеу және кодтау бiрлiгi, өнiмдердi штрихпен кодтау және каталогтау жұмысын үйлестiредi, ұйымдастыру және әдiстемелiк басшылық жүргiзедi, мемлекеттiк қару-жарақ кадастрын жүргiзудi қамтамасыз етедi";

    көрсетiлген қаулының 1-қосымшасында:

    Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң құрылымы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында)".

    2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне, "Қазақстан-2030" Стратегиясында көзделген стандарттауға, метрологияға және сертификаттауға қойылатын талаптар ескерiлген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы ереженi ұсынсын.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.