«Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 ақпан 2026 ж.

    «Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30534 болып тіркелді) мынадай толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптар:

    мындай мазмұндағы 33-2-тармақпен толықтырылсын:

    «33-2. Ақпараттандыру объектісі болып табылатын «Әлеуметтік әмиян» мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен функционалы бойынша мынадай ең төменгі талаптарға ие:

    1) тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды беру туралы хабархат (хабарлама);

    2) тегін және жеңілдікпен тамақтануды есепке алу және алу.».

    2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі

    Ж. Сулейменова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.