Алакөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 қарашадағы «Алакөл ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» № 291 қаулысының күшін жойылды деп тану туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Алакөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 қарашадағы «Алакөл ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» № 291 қаулысының күшін жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 37 – бабының 8 – тармағына, Қазақстан Республикасы « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27 – бабының 9 – тармағына сәйкес, Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Алакөл ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 291 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алакөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алакөл ауданының әкімі

    А.С.Абдинов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.