Ақсеңгір ауылдық округі Ақсеңгір, Жайсан, Көкдала Жиренайғыр ауылдарының көшелеріне атау беру және көше атауларын ауыстыру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсеңгір ауылдық округінің Ақсеңгір ауылы, Жайсан ауылы, Көкдала ауылы, Жиренайғыр ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2021 жылғы 29 желтоқсандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақсеңгір ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсеңгір ауылдық округіне қарасты Ақсеңгір ауылының жаңа көшелеріне «Әлімбайұлы Баймұха» көшесі, «Жамбыл Жабаев» көшесі, «Желтоқсан» көшесі, «Басбатыр» көшесі, «Құс жолы» көшесі, «Алматы» көшесі, «Ақжар» көшесі, «Тәуелсіздік» көшесі, «Республика» көшесі, «Қызыр ата» көшесі, «Сұлутөр» көшесі, «Ақорда» көшесі, «Сүйінбай Аронұлы» көшесі, «Абай Құнанбаев» көшесі, «Самал» көшесі, «Қарасай батыр» көшесі, «Үшқоңыр» көшесі, «Райымбек батыр» көшесі атаулары берілсін және «Питомник» көшесіне «Амангелді Иманов» көшесі, «Южная» көшесіне «Шұғыла» көшесі, «Набережная» көшесіне «Қыдыр Ата» көшесі, «Молодежная» көшесіне «Жастар» көшесі, «Ленина» көшесіне «Абылай хан» көшесі, «Коммунист» көшесіне «Отан» көшесі, «Комсомол» көшесіне «Айтұмар» көшесі, «Северная» көшесіне «Ата жұрт» көшесі, «Целинная» көшесіне «Суықтөбе» көшесі болып қайта атау берілсін.
2. Ақсеңгір ауылдық округіне қарасты Жайсан ауылының жаңа көшелеріне «Дінмұхамед Қонаев» көшесі, «Ақтам» көшесі, «Ақкесік» көшесі, «Достық» көшесі, «Тәуелсіздік» көшесі, «Құрманғазы Сағырбайұлы» көшесі, «Мұхтар Әуезов» көшесі, «Қаныш Сәтпаев» көшесі, «Шоқан Уәлиханов» көшесі, «Наурыз» көшесі, «Сәмен батыр» көшесі, «Астана» көшесі, «Қайнар» көшесі, «Сарыжаз» көшесі, «Алтын бесік» көшесі, «Балдырған» көшесі, «Жетісу» көшесі, «Көктөбе» көшесі, «Сәукеле» көшесі, «Қырман» көшесі атаулары берілсін және «Фадеев» көшесіне «Қарасай батыр» көшесі, «Шолохов» көшесіне «Бейбітшілік» көшесі болып қайта атау берілсін.
3. Ақсеңгір ауылдық округіне қарасты Көкдала ауылының жаңа көшелеріне «Жібек жолы» көшесі, «Жеңіс» көшесі, «Қазақстан» көшесі, «Бірлік» көшесі, «Ынтымақ» көшесі, «Алатау» көшесі, «Алматы» көшесі, «Балауса» көшесі, «Жастар» көшесі, «Табиғат» көшесі, «Сәукеле» көшесі, «Қырман» көшесі, «Байсейіт батыр» көшесі, «Орталық» көшесі атаулары берілсін
4. Ақсеңгір ауылдық округіне қарасты Жиренайғыр ауылының жаңа көшесіне «Теміржол» көшесі атауы берілсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 6. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсеңгір ауылдық округінің әкімі
Е. Қасымшалов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.