Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1636 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасының көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 қаңтардағы N 8 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1636 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ережеге:
"Миссиясы" деген кiрiспедегi "көшi-қон" деген сөз алынып тасталсын;
5-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын;
6-тармақтың жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Алматы қаласының әкiмi мен Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң статистикалық есептерi мен ақпараттарының деректерi бойынша еңбек көшi-қоны процесiне талдау, болжау және реттеу жүргiзу";
7-тармақта:
он бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"еңбек көшi-қоны саласындағы халықаралық келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу";
он алтыншы абзац алынып тасталсын;
он сегiзiншi және он тоғызыншы абзацтардағы "көшi-қон" деген сөз алынып тасталсын;
8-тармақтың үшiншi абзацындағы "көшi-қон" деген сөз алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.