«Меңдіқара ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 ақпан 2026 ж.

    «Меңдіқара ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Меңдіқара ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 36 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7616 болып тіркелген) қаулының күші жойылды деп танылсын.

    2. «Меңдіқара ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Меңдіқара ауданының әкімі

    Г. Бекбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.