«Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 ақпан 2026 ж.

    «Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 15323 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларында:

    6-тармақта:

    14) тармақша алып тасталсын;

    21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «21) медициналық пункт – осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі немесе азаматтық авиация ұйымымен шарт бойынша медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым;»;

    11-1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) санитарлық-карантиндік пунктте (бұдан әрі – СКП) немесе санитарлық-карантиндік бақылауда (бұдан әрі – СКБ) орналасқан медпункттің медицина қызметкері СКП немесе СКБ мамандарымен бірлесіп жүргізеді.»;

    50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «50. Медпункт меңгерушісінің әкімшілік бағыныстылығын, құрылымы мен штатын азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысы немесе азаматтық авиация ұйымымен жасалған шарт бойынша медициналық ұйымның бірінші басшысы айқындайды.

    Азаматтық авиация ұйымы медициналық пункттың міндеттерін шарт бойынша медициналық ұйымның басшылығына берілуіне қарамастан, осы Қағидалар талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.»;

    66-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «жиналмалы сөмкелер саны осы әуеайлақта пайдалануға жіберілген ең ірі әуе кемесінің жолаушылар сыйымдылығының төрттен бір бөлігіне есептелінген;»;

    Қағидаларға 4-қосымшада:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Әуе кемесі бортындағы борттық дәрі-дәрмек қобдишалары мен дефибриллятор жиынтықтарының саны және түрлері

    Жо­ла­у­шы­лар крес­ло­ла­ры­ның са­ны
    Борт­тық жиын­тық­тар­дың түр­ле­рі
    Де­фи­брил­ля­тор
    Ал­ғаш­қы кө­мек жиын­тығы (да­на)/ First aid kit
    Ме­ди­ци­на­лық құ­рал­дар жиын­тығы (да­на)/ Medical kit
    Әм­бе­бап про­фи­лак­ти­ка­лық жиын­тық (да­на)/Universal precaution kit
    Ав­то­матт­тық сырт­қы де­фи­брил­ля­тор
    Ка­би­на­лық эки­паж мү­ше­ле­рі­мен неме­се ка­би­на­лық эки­паж мү­ше­ле­рін­сіз
    Ка­би­на­лық эки­паж мү­ше­ле­рі­мен және ұз­ақ­тығы екі са­ғат­тан астам ұш­қан­да
    Ка­би­на­лық эки­паж мү­ше­ле­рі­мен
    Ка­би­на­лық эки­паж мү­ше­ле­рі­мен және ұз­ақ­тығы екі са­ғат­тан астам ұш­қан­да
    0-10
    1
    -
    -
    -
    11-100
    1
    -
    1
    -
    101-200
    2
    Пай­да­ла­ну­шы­ның қа­ра­уы бой­ын­ша 1 ар­тық
    1
    Пай­да­ла­ну­шы­ның қа­ла­уы бой­ын­ша ұшу қа­уіп­сіз­ді­гі мен ұшу ор­ны­на қа­уіп төн­ді­ре­тін жағ­дай­лар­ды тал­да­уды есеп­ке ала оты­рып
    201-300
    3
    2
    301-400
    4
    Әрі қа­рай Пай­да­ла­ну­шы­ның қа­ра­уы бой­ын­ша
    401-500
    5
    >500
    6
    жолаушылар тасымалымен айналыспайтын жеңіл авиация және аса жеңіл авиация әуе кемелері «Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР ДСМ-118/2020 (Нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде № 21399 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес алғашқы көмек қобдишасымен жасақталады.»;
    2.1-тармақтың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
    «6) өлшемі 7,5 х 12см компрессиялық зарарсыздандырылған таңғыш (немесе зарарсыздандырылған жабысқақ таңғыш, немесе зарарсыздандырылған жеке таңғыш қап);
    7) 10,0 х 10,0см зарарсыздандырылған дәке таңғыш (немесе ұқсас таңғыш);»;
    2.2.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «2.2. 1. Қобди 2* былай жинақталады:
    1) аэрозоль баллондарындағы инсектицид;
    2) маска респираторы (инсектицидке берілген нұсқаулыққа сәйкес);
    3) бір рет пайдаланатын медициналық резеңке бас киім - 1 дана;
    4) қорғану көзілдірігі - 1 дана;
    5) инсектицидті қолдану жөніндегі нұсқаулық.
    * тропикалық климатты елдерге және әуе кемелерінің бортында дезинсекция рәсімдерін жүргізуді талап ететін елдерге рейстерді орындау кезінде әуе кемелерінің бортында қолданылады.»;
    Қағидаларға 5-қосымшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
    «1. Борттық дәрі қобдишалары Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен, қайталама (тұтынушы) қаптамасындағы пайдалану бойынша нұсқаулығы алынбастан жинақталуға тиіс.»;
    Қағидаларға 8-қосымшасының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
    «1. Жұқпалы немесе паразиттік аурулардың белгілері бар жолаушы анықталған кездегі кабиналық экипаждың іс-әрекетінің тәртібі:
    1) ішкі байланыс арналары арқылы (ұшқыштар кабинасына кірмей) бұл туралы әуе кемесінің командиріне хабарлау;
    2) әуе кемесінің командирі аға бортсеріктен хабарлама алғаннан кейін:
    - межелі әуежайдың әуе қозғалысын басқару қызметінің диспетчеріне межелі әуежайдың санитариялық-карантиндік бақылауының лауазымды тұлғаларына ақпарат беру үшін бортта жұқпалы немесе паразиттік ауру белгілері бар жолаушының (жолаушылардың) анықталғаны туралы хабарлайды;
    - межелі әуежайдың талаптарын орындайды;
    3) әуе кемесінің бортындағы жолаушылардың сервисін шектеу; жолаушыларға әуе кемесі бойынша тек бортсеріктердің келісімі бойынша ғана жүріп-тұру;
    4) жұқпалы немесе паразиттік ауру белгілері бар жолаушының қасындағы экипаж мүшелері мен жолаушыларға медициналық маскалар кию (егер инфекцияның аэрогендік берілу жолына күдік болса);
    5) алғашқы көмек жиынтығын және әмбебап профилактикалық жиынтығын пайдалана отырып, алғашқы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
    6) науқасқа күтім жасау үшін алғашқы көмек көрсететін және алғашқы санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізетін бортсерікті (бұрын жұқпалы немесе паразиттік ауру белгілері бар жолаушыға қызмет көрсеткен бортсеріктердің ішінен) тағайындау және басқа жолаушыларға қызмет көрсетуден босату;
    7) жолаушылар мен экипаж мүшелерінің денсаулық жағдайын бақылауды ұйымдастыру, ұшу барысында жұқпалы немесе паразиттік ауру белгілері бар жолаушының денсаулық жағдайы туралы әуе кемесінің командирін хабардар ету;
    8) тағайындалған бортсерікпен қалған жолаушылардан инфекциялық немесе паразиттік ауру белгілері бар жолаушыны ажырату жөнінде шаралар қабылдау (бос, оқшауланған жерге отырғызу; орындықты қалың материалмен немесе басқа қолжетімді құралдармен қоршау; крафт-пакеттермен қамтамасыз ету);
    9) дәретхананы науқас әр барғаннан кейін, сондай-ақ дезинфекциялау құралын қолдана отырып, науқастың болған жерлерді дезинфекциялауды ұйымдастыру;
    10) жолаушыларға эпидемиологиялық тергеп-тексеруді және профилактикалық іс-шараларды одан әрі жүргізу үшін қажетті мәліметтерді толтыру бойынша сауалнамалар беруді ұйымдастыру;
    11) жолаушының орын нөмірлерін көрсете отырып орналасқан жерінің картасын (сызбасын) толтыруды ұйымдастыру;
    12) науқасқа күтім жасау үшін тағайындалған бортсерік науқас туралы ақпаратты тағайындалған әуежайдың санитарлық-карантиндік бақылауының лауазымды тұлғаларына беру үшін мәліметтер жинайды;
    13) межелі әуежайға келгеннен кейін науқас жолаушының қол жүгі әуе кемесінен жолаушымен бірге шығарылғанына көз жеткізу қажет.»;
    Қағидаларға 12-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    Медициналық пункт дәрілік заттарының тізбесі*
    Р/с №
    АТХ ко­ды
    Фар­ма­ко-те­ра­пи­я­лық то­бы
    1
    А
    Ас қо­ры­ту жол­да­ры мен зат ал­ма­су ау­ру­ла­рын ем­де­у­ге ар­нал­ған пре­па­рат­тар
    A02А
    Қыш­қыл­дық­тың бұ­зы­луы­мен бай­ла­ны­сты ау­ру­лар­ды ем­де­у­ге ар­нал­ған пре­па­рат­тар
    А03А
    Функ­ци­о­нал­дық ас­қа­зан-ішек бұ­зы­лы­ста­рын ем­де­у­ге ар­нал­ған пре­па­рат­тар
    A05А
    Ба­уыр және өт шы­ға­ру жол­да­ры­ның ау­ру­ла­рын ем­де­у­ге ар­нал­ған пре­па­рат­тар
    А05В
    А06
    Іш қа­ту­ды ем­де­у­ге ар­нал­ған пре­па­рат­тар (Іш жүр­гі­зе­тін пре­па­рат­тар)
    A07В
    Ішек ад­сор­бент­те­рі
    2
    В
    Қан мен қан тү­зі­лу ағ­за­ла­ры­на әсер ете­тін пре­па­рат­тар
    B01АC06
    Ге­па­рин­ді қо­с­па­ған­да тром­бо­цит­тер аг­ре­га­ци­я­сы­ның те­же­гіш­те­рі
    B05C
    Қан ал­ма­стыр­ғы­штар және пер­фу­зи­я­лық ері­т­ін­ді­лер
    3
    C
    Жү­рек-та­мыр жүй­е­сі ау­ру­ла­рын ем­де­у­ге ар­нал­ған пре­па­рат­тар
    C01
    Кар­дио­ло­ги­я­лық пре­па­рат­тар
    С07
    Бе­та-ад­ре­нобло­ка­тор­лар, ком­би­на­ци­яда­ғы бе­та-ад­ре­нобло­ка­тор­лар
    С09АА
    Ан­гио­тен­зин-түр­лен­ді­ре­тін фер­мент те­же­гіш­те­рі
    4
    D
    Дер­ма­то­ло­ги­яда қол­да­ны­ла­тын пре­па­рат­тар
    D03A
    Сырт­қы қол­да­ну­ға ар­нал­ған пре­па­рат­тар
    D08A
    5
    H
    Жүй­е­лі әсер ете­тін гор­мо­наль­ді пре­па­рат­тар (жы­ныс гор­мон­да­рын және ин­су­лин­дер­ді қо­с­па­ған­да)
    H02A
    Жүй­е­лі қол­да­ну­ға ар­нал­ған кор­ти­ко­сте­ро­ид­тар
    6
    M
    Сүй­ек-бұл­шы­қет жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­рын ем­де­у­ге ар­нал­ған пре­па­рат­тар
    М01
    Қа­бы­ну­ға қар­сы және рев­ма­тизм­ге қар­сы пре­па­рат­тар, сте­ро­ид емес
    M02
    Сүй­ек-бұл­шы­қет жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­ры ке­зін­де жер­гі­лік­ті қол­да­ну­ға ар­нал­ған пре­па­рат­тар
    7
    N
    Жүй­ке жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­рын ем­де­у­ге ар­нал­ған пре­па­рат­тар
    N02
    Бас­қа да аналь­ге­тиктер және ан­ти­пи­ре­тиктер
    8
    R
    Ты­ныс алу жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­рын ем­де­у­ге ар­нал­ған пре­па­рат­тар
    R01AA08
    Де­кон­ге­стант­тар және жер­гі­лік­ті қол­да­ну­ға ар­нал­ған бас­қа да пре­па­рат­тар (кор­ти­ко­сте­ро­ид­тар­ды қо­с­па­ған­да)
    R03А
    Бе­та2-се­лек­тив­ті ад­ре­но­сти­му­ля­тор­лар (бронх де­мі­к­пе­сі­нің ұста­ма­ла­рын ба­су үшін)
    R06А
    Жүй­е­лі әсер ете­тін ан­ти­ги­ста­мин­ді пре­па­рат­тар
    R07AB
    Ты­ныс алу ор­та­лы­ғы­ның сти­му­ля­тор­ла­ры
    *медпунктті жарақтандыру практикаға заманауи тиімді дәрілік заттарды енгізуді ескере отырып, сондай-ақ әуежай мен жолаушылар ағынының класына (тобына) байланысты өзгереді.»;
    Қағидаларға 14-қосымшасының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    р/с №
    Ата­уы
    Са­ны
    1
    Та­сы­мал­дау им­мо­би­ли­за­ци­я­сы­на ар­нал­ған ши­на­лар
    ӘК ең жо­ға­ры жо­ла­у­шы­лар сый­ым­ды­лы­ғы­ның 25%
    »;
    Қағидаларға 15-қосымшасының 30-тармағы алып тасталсын.
    2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
    2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы

    М. Калиакпаров

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.