«Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 ақпан 2026 ж.

    «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22644 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларында:

    2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) Өнім беруші – білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуіріндегі №113 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік шығармашылық тапсырысты нормативтік қаржыландыру Әдістемесінде (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22634 болып тіркелген) (бұдан әрі – Әдістеме) көзделген үйірмелер түрлерінің бағыттары бойынша қызметтер көрсету негізгі қызметі болып табылатын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;»;

    5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі;»;

    11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «11. Шығармашылық үйірмеге қабылдау кезегі ақпараттық жүйеде автоматты режимде жүргізіледі және баланың және заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), шығармашылық үйірменің түрі, өтініштің нөмірі мен уақыты, секундтың үлесіне дейін дәлме-дәл, кезектегі реттік нөмірін қамтиды, сондай-ақ ақпараттық жүйе ұсынған мәліметтер негізінде бөлуге арналған орындардың тізімін қамтиды.»;

    осы Қағидаларға 1 және 2-қосымша лар осы бұйрыққа 1 және 2- қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі

    А. Балаева

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Денсаулық сақтау министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Оқу-ағарту министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің

    орынбасары - Мәдениет

    және ақпарат министрі

    2026 жылғы 3 ақпандағы

    № 34-НҚ бұйрығына

    1 қосымша

    Балалар мен жасөспірімдерге

    арналған шығармашылық

    үйірмелерде мемлекеттік

    шығармашылық тапсырысты

    орналастыру және олардың

    жұмыс істеу қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    Мемлекеттік шығармашылық

    тапсырыс операторына

    ____________________________

    жергілікті атқарушы орган,

    облыс, республикалық маңызы

    бар қаланың және астананың

    немесе оның шығармашылық

    тапсырысты орналастыру

    рәсімдерін әкімшілендіруді

    орындауға уәкілетті басшысы

    атынан

    ____________________________

    басшының қызметі, тегі, аты,

    әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    өнім беруші атынан

    ____________________________

    заңды тұлғаның

    (бизнес- сәйкестендіру нөмірі)

    жеке кәсіпкердің атауы (жеке

    сәйкестендіру нөмірі) басшысы

    атынан______________________

    басшының қызметі, тегі, аты,

    әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруға қатысуға өтініш

    Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруға қойылатын талаптарды зерделеп, қоса берілген құжаттарды қарауыңызды және мені мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысатын өнім берушілердің тізіміне қосуды сұраймын.

    Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес келесі шығармашылық үйірмелер қызметін көрсетуді жоспарлап отырмын:

    № р/с
    Шы­ғар­ма­шы­лық үй­ір­ме­нің тү­рі
    Ба­ла­лар то­бы­ның тү­рі (ин­клю­зив­ті, ин­те­гра­ци­я­лан­ған, ар­найы)
    Ба­ла­ның жа­сы мен жы­ны­сы
    Қыз­мет көр­се­ту­дің тү­рі (ста­ци­о­нар­лық неме­се қа­шық­тық­тан)
    Са­бақ­тар­ды өт­кі­зу ті­лі
    Ел­ді ме­кен­нің ауда­ны (ша­ғын учас­ке)
    Қыз­мет көр­се­ту ме­кен-жайы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    Осымен балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларында көзделген талаптармен, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларымен және мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесімен танысқанымды растаймын.
    Қосымша: құжаттар ______ парақта

    Ұйымның басшысы ____________________________________________ қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Толтырылған күні

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің

    орынбасары - Мәдениет

    және ақпарат министрі

    2026 жылғы 3 ақпандағы

    № 34-НҚ бұйрығына

    2 қосымша

    Балалар мен жасөспірімдерге

    арналған шығармашылық

    үйірмелерде мемлекеттік

    шығармашылық тапсырысты

    орналастыру және олардың

    жұмыс істеу қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    Мемлекеттік шығармашылық

    тапсырыс операторына

    ____________________________

    жергілікті атқарушы орган,

    облыс, республикалық маңызы

    бар қаланың және астананың

    немесе оның шығармашылық

    тапсырысты орналастыру

    рәсімдерін әкімшілендіруді

    орындауға уәкілетті басшысы

    атынан

    ____________________________

    басшының қызметі, тегі, аты,

    әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    өнім беруші атынан

    ____________________________

    заңды тұлғаның

    (бизнес- сәйкестендіру нөмірі)

    жеке кәсіпкердің атауы (жеке

    сәйкестендіру нөмірі) басшысы

    атынан______________________

    басшының қызметі, тегі, аты,

    әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Өтініш

    Мені мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруға қатысатын өнім берушілердің тізімінен ________________________________________________ себебі себебін сипаттау бойынша шығаруды сұраймын.

    Ұйымның басшысы ___________________________________________________ қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Толтырылған күні

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.