Батыс Қазақстан облысының жеке меншік білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылына арналған орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 қаңтар 2026 ж.

    Батыс Қазақстан облысының жеке меншік білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылына арналған орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Білім туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының жеке меншік білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылына арналған орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

    2. «Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    Н. Төреғалиев

    Батыс Қазақстан облысы

    әкімдігінің 2026 жылғы «___» ___________

    № ___________ қаулысына қосымша

    Батыс Қазақстан облысының жеке меншік білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылына арналған орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Р/с №
    Сыныптар
    Оқушылар саны
    Жылына бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)
    Жалпы білім беретін сыныптар
    Ерекше білімді қажет ететін балалар үшін инклюзивті оқыту
    Орта білім беру ұйымдардағы түзету сыныптары
    Үйде оқыту
    2025 ж
    2026 ж
    2025 ж
    2026 ж
    2025 ж
    2026 ж
    2025 ж
    2026 ж
    1
    1- 4 сы­нып­тар
    918
    459 577
    477 790
    778 512
    806 067
    851 335
    880 631
    2 170 855
    2 234 288
    2
    5-9 сы­нып­тар
    392
    621 473
    644 257
    1 102 304
    1 139 001
    1 012 927
    1 046 790
    2 688 694
    2 766 763
    3
    10-11 сы­нып­тар
    1558
    739 133
    765 239
    1 337 624
    1 380 965
    1 072 534
    1 108 082
    3 206 067
    3 298 759

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.