«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 239 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 ақпан 2026 ж.

    «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 239 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы» Маңғыстау облысының әкімдігінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 239 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 24738 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Маңғыстау облысының әкімі

    Н. Қилыбай

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2025 жылғы « ___ » _______

    № ____ қаулысына қосымша

    «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшері

    Қызметтер атауы
    Өлшем бірлігі
    Пайдалану уақыты
    Тарифтер мөлшері (теңге)
    1.
    Экскурсия ұйымдастырушы қызметін ұсыну
    1 топ (20 адамға дейін)
    1 тәулік
    7816
    2.
    Жолсерік қызметін ұсыну
    1 топ (20 адамға дейін)
    1 тәулік
    3986
    3.
    Көлік (Газель NEXT) қызметін ұсыну
    1 бірлік (16 адамға дейін)
    1 тәулік
    68 692
    4.
    Туристік құрал-жабдықтар ұсыну:
    1. Туристік шатырды ұсыну;
    2. Жатын қапшықты ұсыну;
    3. Вагон-үйшікті ұсыну (6 адамға)
    1 бірлік
    1 бірлік
    1 бірлік
    1 тәулік
    1 тәулік
    1 тәулік
    2987
    1352
    89 110
    5.
    Көлік тұрақтарын ұсыну
    1 бірлік
    1 тәулік
    827

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.