«Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы» Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 212/5 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 ақпан 2026 ж.

    «Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы» Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 212/5 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы» Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 212/5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5186 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. «Павлодар облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

    осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Павлодар облысының әкімі

    А. Байханов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.