2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қаңтар 2026 ж.

    2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. «Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мақпал Сатыбалдықызы Досымбековаға жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін енгізіледі.

    Жамбыл ауданының әкімі

    Е. Қыдыралыұлы

    Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Ж. Телеуов

    Жамбыл ауданы әкімдігінің

    2026 жылғы «___» қаңтардағы

    № ______қаулысына

    қосымша

    2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеменің атауы
    Қызмет түрлері
    Бір қызмет алушыға шаққандағы күндік тариф (теңгемен)
    1.
    Үкіметтік емес ұйымдар
    үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
    2613

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.