Жеке кәсіпкер Татьяна Николаевна Машковаға жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 қаңтар 2026 ж.

    Жеке кәсіпкер Татьяна Николаевна Машковаға жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Жеке кәсіпкер Татьяна Николаевна Машковаға «Рудный қаласы, П. Корчагин көшесі, 22 үй маңында дүкен салу» жобаланған объектісі үшін мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

    Рудный қаласы, П. Корчагин көшесі, 22 үй маңы мекенжайы бойында кәріз тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0354 га;

    Рудный қаласы, П. Корчагин көшесі, 22 үй маңы мекенжайы бойында газбен жабдықтау торабын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0444 га;

    Рудный қаласы, П. Корчагин көшесі, 22 үй маңы мекенжайы бойында электрмен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0649 га;

    Рудный қаласы, П. Корчагин көшесі, 22 үй маңы мекенжайы бойындағы сыртқы су құбырын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0871 га.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Рудный қаласының әкімі

    В. Ионенко

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.