«Ақкөл ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айкындау туралы» Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 мамырдағы № А-5/126 бірлескен қаулысына және Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 мамырдағы № С 22-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына, «Уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ақкөл ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айкындау туралы» Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 мамырдағы № А-5/126 және Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 мамырдағы № С 22-6 бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8759-03 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл ауданының әкімі
Б. Әбдірахманов
Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы
С. Абаханов
Ақкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы
29 қаңтардағы № А-1/13
және Ақкөл аудандық мәслихатының
2026 жылғы 29 қаңтардағы № С 53-1
бірлескен қаулы мен шешіміне
қосымша
Ақкөл ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері
|
Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар
|
Оның ішінде
|
|||
|
егістік
|
оның ішінде суармалы
|
шабындықтар
|
жайылымдар
|
|
|
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін
|
||||
|
5 850
|
2 550
|
-
|
300
|
3 000
|
|
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін
|
||||
|
27 300
|
17 000
|
-
|
300
|
10 000
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.