«Маңғыстау облысының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілерді тамақтандыруға кететін шығындарды өтеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы №1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Маңғыстау облысының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілерді тамақтандыруға кететін шығындарды өтеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы №1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4666-12 болып тіркелген) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспеcі жаңа редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысына және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 29329 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі
Н. Қилыбай
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.