«Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» Осакаров ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы №86/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» Осакаров ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы 86/02 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6501-09 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 19-бабына, «Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Р. Нурмуханбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.