Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 маусымдағы № 819 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

    Күші жойылған
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 маусымдағы N 819 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

    "Импортқа шығарылатын акцизделетiн тауарларға арналған акциздердiң ставкалары және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалар алып өтетiн акциз салуға жатпайтын тауарлардың нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 маусымдағы N 819 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 262-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

    мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

    "4. 2 және 3 тармақтар осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiлсiн";

    "Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн акцизделетiн тауарларға арналған акциздердiң ставкалары" деген 1-қосымшадағы ескертпе мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Акциз ставкалары 1996 жылдың 15 шiлдесiне дейiн жасалған және толық ақы төленген контрактiлер бойынша әкелiнетiн аталған тауарларға қатысты қолданылмайды".

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.