2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 қаңтар 2026 ж.

    2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, сондай-ақ «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2026 жылға арналған бір қызмет алушыға шаққандағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің жан басына шаққандағы тарифі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;

    2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

    Жамбыл облысының әкімі

    Е. Қарашөкеев

    Жамбыл облысы әкімдігінің

    2026 жылғы «13 » 01

    № 2 қаулысына қосымша

    2026 жылға арналған бір қызмет алушыға шаққандағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің жан басына шаққандағы тарифі

    Мекемелердің түрлері
    Қызмет алушылардың санаттары
    Тариф (бір қызмет алушыға күніне, теңгемен)
    1.
    Стационарлық үлгідегі ұйымдар
    Мүгедектігі бар ересектер және егде жастағы азаматтар
    Қала
    13401
    Ауыл
    19917
    Психоневрологиялық патологиясы бар ересек адамдар
    Қала
    11057
    Ауыл
    13047
    Психоневрологиялық патологиясы бар балалар
    Қала
    27386
    Ауыл
    2.
    Жартылай стационарлық үлгідегі мемлекеттік ұйымдар
    Мүгедектігі бар ересектер мен егде жастағы азаматтар
    Қала
    20746
    Ауыл
    Психоневрологиялық патологиялары бар балалар
    Қала
    16248
    Ауыл
    26339
    3.
    Жартылай стационарлық мемлекеттік емес ұйымдар
    Психоневрологиялық патологиялары бар балалар
    Қала
    12689
    Ауыл
    13567
    4.
    Уақытша болу ұйымдары (тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары)
     
    Қала
    12066
    Ауыл
    14375
    5.
    Уақытша болу ұйымдары (адам саудасының құрбандары)
    Қала
    9324
    Ауыл
    -

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.