Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттерден әкелiнетiн өнiмдi кедендiк ресiмдеу кезiнде ставкалардағы айырмашылық бойынша қосылған құнға салық салу туралы

    Күші жойылған
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттерден әкелiнетiн өнiмдi кедендiк ресiмдеу кезiнде ставкалардағы айырмашылық бойынша қосылған құнға салық салу туралы

    Қазақстан Республикасының тауар өндiрушiлерiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттерден әкелiнетiн ұқсас арзан өнiм шығарудан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

    1. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттерден әкелiнетiн бағалары қосылған құнға салынатын салық ставкасының 20 проценттен төмен мөлшерде қолданылуы арқылы қалыптасқан өнiмге кеден органдары кедендiк ресiмдеу кезiндегi ставкалар айырмашылығы бойынша қосылған құнға жалпы белгiленген тәртiппен салық салынуға мiндеттi.

    2. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.