Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 28/160-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 қаңтар 2026 ж.

    Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 28/160-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Арыс қалалық мәслихаттың 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №28/160-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6647-13 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    1 тармақтағы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына,» деген сөз «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33 бабының 1-тармағының 5) тармақшасына,» сөзіне ауыстырылсын.

    7 тармақ, 4) тармақшаның 5 және 6 бөліктері алынып тасталсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    Қ.Ахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.