Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1747 және 1997 жылғы 30 мамырдағы N 907 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

    Күші жойылған
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1747 және 1997 жылғы 30 мамырдағы N 907 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

    1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: "Қазақстан Республикасында өндiрiлген акциздеуге жататын тауарларға және құмар ойын бизнесiне арналған акциздердiң ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1747 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 516-құжат):

    көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

    "Спирттiң барлық түрi (тауар өндiрушiде осындай өнiмдi шығару құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда ликер- арақ, күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар, шарап, бальзам, емдiк және фармацевтiк дәрi- дәрмектер жасауға босатылғандарынан, сондай-ақ мемлекеттiк медициналық мекемелерге босатылатындарынан басқа) 0,3 экю/литр"

    деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын;

    "Спирттiң барлық түрi (тауар өндiрушiде көрсетiлген өнiмдi шығару құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмектер жасауға босатылғандарынан, сондай-ақ мемлекеттiк медициналық мекемелерге босатылатындарынан басқа) 3,0 экю/литр"

    Тауар өндiрушiде осындай өнiмдi шығару құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда ликер-арақ бұйымдары, күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар, шараптар, бальзамдар жасауға босатылған спирттердiң барлық түрлерi 0,3 экю/литр";

    "Импортталатын акциздеуге жататын тауарлардың акциздiк ставкалары және акциздер алуға жатпайтын, акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың алып өту нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 мамырдағы N 907 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 23, 209-құжат):

    аталған қаулының 1-қосымшасында:

    "2207, 2208-ден Спирттiң барлық түрлерi 0,3 экю/литр күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар мен бальзамдар, арақ, ликер-арақ бұйымдары, коньяктар 1,7 экю-литр"

    деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

    "2207, 2208-ден Спирттiң барлық түрлерi 0,3 экю/литр

    Тауар өндiрушiде осындай өнiмдi шығару құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда ликер-арақ бұйымдары, күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар, шараптар, бальзамдар жасауға босатылған спирттердiң барлық түрлерiнен 0,3 экю/литр

    Күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар және бальзамдар, арақ, ликер-арақ бұйымдары, коньяктар 1,7 экю-литр"

    2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.

    3. Осы қаулы 1998 жылдың 1 наурызынан бастап күшiне енедi.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.