Қазақстан Республикасы мемлекеттiк әуе кемелерiнiң тiзiлiмiн бекiту туралы

    Жаңа
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 тамыз 1996 ж.

    Қазақстан Республикасы мемлекеттiк әуе кемелерiнiң тiзiлiмiн бекiту туралы

    "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

    1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әуе кемелерiнiң тiзiлiмi қоса берiлiп отырған нысанда /бұдан әрi - Тiзiлiм/ құрылсын.

    2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiмен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесе отырып үш ай мерзiм iшiнде:

    көрсетiлген Тiзiлiмге мемлекеттiк әуе кемелерiнiң тiркеуiн жүргiзсiн;

    Тiзiлiм жүргiзу, сондай-ақ тiркеу туралы куәлiк беру тәртiптерiн бекiтсiн;

    Тiзiлiмге енгiзiлген әуе кемелерiнiң иелерiне тiркеу туралы куәлiк берсiн;

    Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникацияларминистрлiгiмен келiсе отырып және өз құзыретi шегiнде мемлекеттiкавиацияны пайдаланушылар үшiн әуе кеңiстiгiн қауiпсiз пайдаланудыреттейтiн ережелер, тәлiмдемелер, нұсқаулықтар, басқа да нормативтiкқұқықтық актiлер шығарсын және олардың орындалуына бақылау жасасын;

    3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау ҚазақстанРеспубликасының Қорғаныс министрлiгiне жүктелсiн.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

    Қазақстан Республикасы

    Үкiметiнiң

    1996 жылғы 12 тамыздағы

    N 999 қаулысына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы мемлекеттiк әуе кемелерiнiң ТIЗIЛIМI

    ___________________________________________________________________ Р/н|Әуе кеме.|Толық |Шыққан|Авиадвигательдiң|Авиадвигатель.|Ескерту    |сiнiң    |зауыт.|жылы  |үлгiсi және     |толық зауыттық|    |түрi     |тық   |      |модификациясы   |нөмiрi        |    |         |нөмiрi|      |                |              | ___|_________|______|______|________________|______________|_______ 1 |    2    |   3  |   4  |        5       |      6       |   7 ___|_________|______|______|________________|______________|_______      Тiзiлiмдi жүргiзуге      жауапты адамның лауазымы                                                          /қолы/

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.