Маңғыстау облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 желтоқсан 2025 ж.

    Маңғыстау облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы» заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы 2026 жылғы 19 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Маңғыстау облысының әкімі

    Н. Қилыбай

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2025 жылғы __ ________

    №___ қаулысына

    қосымша

    Маңғыстау облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері

    № р/с
    Өңір
    1 мың адамға
    шаршы метр
    1
    Маңғыстау облысы
    742,1

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.