Құрманғазы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 наурыздағы № 110-VІІІ «Құрманғазы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құрманғазы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 наурыздағы № 110-VІІІ «Құрманғазы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіміне № 5149-06 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Мәслихат төрағасы
Г. Калиева
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.