Абай облысы Бесқарағай ауданы Грачи ауылының шекараларын (шегін) белгілеу туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 қаңтар 2026 ж.

    Абай облысы Бесқарағай ауданы Грачи ауылының шекараларын (шегін) белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабы 3) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Абай облысы Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылдық округінің Грачи ауылының шекарасы (шегі) 2248,0 гектар жалпы алаңымен, осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

    2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Бесқарағай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Бесқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушысы

    Д. Қалиқан

    Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы

    М. Абылгазинова

    Бірлескен

    Бесқарағай ауданының әкімдігінің

    2026 жылғы 28 қаңтардағы

    № 26 қаулысына және

    Бесқарағай аудандық маслихатының

    2026 жылғы 28 қаңтардағы

    № 37/3-VIII шешіміне

    қосымша

    Грачи ауылы жерлерінің шекарасының (шегі) СЫЗБАСЫ

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.