Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 592 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

    Күші жойылған
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 592 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

    Қазақстан Республикасының аумағынан таңбалауға жататын акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына бақылауды одан әрi жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

    "Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн алым маркаларын енгiзу және таңбалауға жататын ацизделетiн тауарларды сату туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 592 қаулысының 1-қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 16, 179-бап) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

    акциздiк алым маркаларымен мiндеттi түрде таңбалауға жататын отандық акцизделетiн тауарлар тiзбесi толықтырылсын:

    Экспортқа арақ

    Экспортқа темекi

    Ескертпе. Бұл жағдайда акциз маркiлерiнiң құны экспортталатын тауарлар бойынша жұмсалатын шығынға қосылады.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.