Текелі қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Текелі қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Текелі қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

    1) электронды төлем жүйесі арқылы, Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғысы арқылы жол жүру үшін қолма-қол ақшасыз төлем кезінде - 100 (жүз) теңге;

    2) қолма-қол ақшамен төлем кезінде жол жүру үшін - 200 (екі жүз) теңге.

    2. Текелі қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 278 «Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 184296 болып тіркелген).

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Текелі қаласының әкімі

    А. Әділ

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.