Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 қаңтар 2026 ж.

    Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

    2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

    4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі

    Р. Анбаев

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Ғабит Мүсірепов атындағы

    аудан әкімдігі

    2026 жылғы 26 қаңтардағы

    № 8 қаулысына

    қосымша

    Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

    1. «Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 365 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5086 болып тіркелген).

    2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 365 «Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 306 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5727 болып тіркелген).

    3. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 365 «Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2025 жылғы 13 мамырдағы № 113 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7927-15 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.