Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 қаңтардағы N 31 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

    Күші жойылған
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 қаңтардағы N 31 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

    1. "Қазақстан Республикасының экономикасы салалары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 қаңтардағы N 31 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 2, 10-бап) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

    3-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

    "материалдық өрiстегi салалар үшiн аталған қаулыны қолданудың Бiрыңғай тарифтiк кестенiң 1-разрядының ставкасы 2-тармақтың үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы және жетiншi абзацтарына сәйкес белгiленген деңгейден төмен бекiтiле алмайтындығын қоспағанда, ұсынымдық сипаты бар";

    3-тармақтың алтыншы абзацы жетiншi абзац болып саналсын.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.