Аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы №4 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1-бабына сәйкес аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы №4 «Махамбет ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 19 қаңтардағы №3091 болып тіркеліп, аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №4 (6161) санында жарияланған) күші жойылсын.
Аудан әкімі
Е.Жаңабаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.