«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 қаңтар 2026 ж.

    «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

    12-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «1-1) әділет органдарының қызметін автоматтандыру;»;

    14-тармақта:

    мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «2-1) әділет саласында жасанды интеллектіні ендіру;»;

    9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «9) заң жобалау жұмысы, заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларын әзірлеу;»;

    14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «14) құқықтық ақпараттандыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін жүргізу;»;

    мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «14-1) орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының нормативтік құқықтық актілерін, мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің және ревизиялық комиссиялардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу;»;

    мынадай мазмұндағы 27-1) және 27-2) тармақшалармен толықтырылсын:

    «27-1) төрелік қызмет саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

    27-2) құқық қолдану практикасын талдау және төрелік туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;»;

    мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «49-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өз құзыреті шегінде петицияларды қарау;»;

    104) және 105) тармақшалар мынадай редакцияда жасылсын:

    «104) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде (тізілімдерінде) тіркеу және оған (оларға) өзгерістер енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

    105) патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметі мәселелері жөніндегі комиссия, апелляциялық кеңес, апелляциялық комиссия, тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережелерді әзірлеу және бекіту;»;

    108) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «108) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауын пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;

    114) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «114) туындыны авторлық сыйақысын төлеп, автордың келісімінсіз жеке мақсатта көшірмелеу үшін сыйақы мөлшерін, оны жинау, бөлу және төлеу қағидаларын бекіту;»;

    мынадай мазмұндағы 114-5), 114-6), 114-7), 114-8), 114-9) және 114-10) тармақшалармен толықтырсын:

    «114-5) аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу қағидаларын, оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;

    114-6) құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаны басқару және оның пайдаланылуына бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсыну қағидаларын бекіту;

    114-7) жиналған, бөлінген, төленген сыйақы, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымның шығыстарын жабуға бағытталған сыйақы туралы мәліметтерді бірыңғай цифрлық платформаға енгізу қағидалары мен нысанын бекіту;

    114-8) тауар белгісін немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгілемені Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісі ретінде тану қағидаларын бекіту;

    114-9) патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағымдарды қарау қағидаларын бекіту;

    114-10) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;»;

    144) тармақша алып тасталсын;

    200) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «200) сот сараптамасы органының бірінші басшысының ұсынуы бойынша сот сараптамалары органының штат кестесін және құрылымын келісу;»;

    мынадай мазмұндағы 241-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «241-1) инвестициялар туралы келісімдердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;»;

    265) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «265) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидаларын және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекiту;»;

    271) тармақша алып тасталсын;

    Министрліктің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тізбесіндегі 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.