«Тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 1517 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 48 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 қаңтар 2026 ж.

    «Тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 1517 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 48 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. «Тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 1517 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 48 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17661 болып тіркелген) бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    бірлескен бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын тексеру парақтарын бекіту туралы»;

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Мыналар бекітілсін:

    1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерінің пайдаланылуын тексеру парағы;

    2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын тексеру парағы.»;

    авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерінің пайдаланылуын тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;

    3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне «Тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы

    __________А. Амрин

    Қазақстан Республикасы Әділет министрі

    __________Е. Сарсембаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Бас прокуратурасының

    Құқықтық статистика және

    арнайы есепке алу жөніндегі

    комитеті

    Исполняющий обязанности министра

    национальной экономики

    Республики Казахстан

    от 29 января 2026 года

    № 7 и

    Министр юстиции

    Республики Казахстан

    от 29 января 2026 года

    № 102

    Бірлескен бұйрыққа

    1-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрінің

    2018 жылғы 31 қазандағы

    № 1517 және

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2018 жылғы 31 қазандағы

    № 48 бірлескен бұйрығына

    1-қосымша

    Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерінің пайдаланылуын тексеру парағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты

    Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

    _______________________________________________________________

    _______________________________________________________________

    Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

    _______________________________________________________________

    _______________________________________________________________

    Тексеруді тағайындау туралы акт

    _______________________________________________________________

    _______________________________________________________________

    №, күні

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы

    _______________________________________________________________

    _______________________________________________________________

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

    бизнес-сәйкестендіру нөмірі

    _______________________________________________________________

    _______________________________________________________________

    Орналасқан жерінің мекенжайы

    Талаптар тізбесі
    Талаптарға сәйкес келеді
    Талаптарға сәйкес келмейді
    1
    2
    3
    4
    1
    Авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға (қайта шығару, тарату, импортқа шығару, жария көрсету, туындыны жалпы жұрттың назарына арнап хабарлау, жария хабарлау, эфирде жариялау (оның ішінде эфирлік және кабельдік хабар тарату ретрансляция), кабель арқылы хабарлау, аудару, өңдеу, жалпы жұрттың назарына жеткізу) артормен авторлық құқық иесімен немесе құқықтарды ұжымдық басқару ұйымымен шарттың болуы

    Лауазымды адам (-дар) _________________________________________________ лауазымы қолы _________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

    Бақылау субъектісінің басшысы _________________________________________________ лауазымы қолы _________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика

    министрінің міндетін атқарушы

    2026 жылғы 29 қаңтардағы

    № 7 мен

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрі

    2026 жылғы 29 қаңтардағы

    № 102

    Бірлескен бұйрыққа

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрінің

    2018 жылғы 31 қазандағы

    № 1517 және

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2018 жылғы 31 қазандағы

    № 48 бірлескен бұйрығына

    2-қосымша

    Тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын тексеру парағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жер атауын немесе фирмалық атауды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты

    Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

    _______________________________________________________________

    _______________________________________________________________

    Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

    _______________________________________________________________

    _______________________________________________________________

    Тексеруді тағайындау туралы акт

    _______________________________________________________________

    _______________________________________________________________

    №, күні

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы

    _______________________________________________________________

    _______________________________________________________________

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

    бизнес сәйкестендіру нөмірі

    _______________________________________________________________

    _______________________________________________________________

    Орналасқан жерінің мекенжайы

    Талаптар тізбесі
    Талаптарға сәйкес келеді
    Талаптарға сәйкес келмейді
    1
    2
    3
    4
    1
    Тауар таңбасын, қызмет көрсету белгісін, тауардың шыққан жерінің атауын немесе олармен шатастыру дәрежесіне дейін ұқсас белгілерді біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты пайдалану үшін иесімен (құқық иеленушімен) жасалған шарттың болуы.
    2
    Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тауар белгісіне айрықша құқық беру/ұсыну туралы тиісті жазбаша шарттарды тіркеудің болуы

    Лауазымды адам (-дар) _________________________________________________ лауазымы қолы _________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

    Бақылау субъектісінің басшысы _________________________________________________ лауазымы қолы _________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.