Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1553 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1553 қаулысына өзгерiстер енгiзiлсiн:
3-тармақтағы "төрт вице-министр - департаменттердiң директорлары" деген сөздер "бiрiншi вице-министрi және үш вице-министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ережеде:
14-тармақта:
екiншi абзацтағы "төрт вице-министр - департаменттердiң директорлары" деген сөздер "бiрiншi вице-министрi және үш вице-министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
он екiншi абзацтағы "департамент директорлары" деген сөздер алынып тасталсын;
15-тармақтың бiрiншi абзацындағы "департамент директорлары" деген сөздер алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.