Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 және 1997 жылғы 22 қарашадағы N 1641 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын iске асыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 қаулысында:
көрсетiлген қаулының 3-қосымшасындағы "Көлiккомминi" деген жолдағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 қарашадағы N 1641 қаулысындағы:
2-тармақтағы "11" деген сан "12" деген санмен ауыстырылсын;
Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ережеде:
12-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда баяндалсын:
"Министрдiң екi орынбасары (вице-министрлерi): орынбасары (вице-министр) және орынбасары (вице-министр) - Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетiнiң төрағасы болады, оларды Министрдiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады";
14-тармақтың екiншi абзацындағы "өз орынбасары (вице-министр)" деген сөздер "өз орынбасарлары (вице-министрлер)" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтың бiрiншi абзацындағы "орынбасары (вице-министр)" деген сөз "оның орынбасарлары (вице-министрлер)" деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
"17. Министрдiң нұсқауы бойынша, ол болмаған жағдайда оның орынбасарларының бiреуi орнын ауыстырады".
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.