«Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қаңтар 2026 ж.

    «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11913 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 15) тармақшасына, 13-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Мыналар:

    1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес фитосанитариялық нормативтер;

    2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп нысаны;

    3) осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есеп нысаны;

    4) осы бұйрыққа 2-2-қосымшаға сәйкес пестицидтерді сақтау туралы есеп нысаны;

    5) осы бұйрыққа 2-3-қосымшаға сәйкес химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есеп нысаны;

    6) осы бұйрыққа 2-4-қосымшаға сәйкес тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп нысаны;

    7) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидалары бекітілсін.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген фитосанитариялық нормативтерде:

    134, 135 және 136-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    134
    Үйірлі шегіртке тектестер: италиялық прус
    дернәсілдер
    ауыл шаруашылығы алқаптары
    вегетациялық кезең
    1 шаршы метрге 5 және одан көп дана
    135
    Марокколық шегіртке
    дернәсілдер
    ауыл шаруашылығы алқаптары
    вегетациялық кезең
    1 шаршы метрге 5 және одан көп дана
    136
    Азиялық шегіртке
    дернәсілдер
    ауыл шаруашылығы алқаптары
    вегетациялық кезең
    1 шаршы метрге 5 және одан көп дана
    »;
    көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
    осы бұйрыққа 2, 3, 4 және 5-қосымша ларға сәйкес жаңа 2-1, 2-2, 2-3 және 2-4-қосымшалармен толықтырылсын.
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидалары осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы

    А. Султанов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар агенттігінің

    Ұлттық статистика бюросы

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    міндетін атқарушы

    2026 жылғы 27 қаңтардағы

    № 34

    бұйрығына 1-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    2015 жылғы 29 маусымдағы

    № 15-02/584 бұйрығына

    2-қосымша

    Әкімшілік деректерді өтеусіз

    негізде жинауға арналған нысан

    Пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган).

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz. интернет-ресурста орналастырылған

    Әкімшілік нысанның атауы: Пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан индексі: № ФЕ-1

    Кезеңділігі: жартыжылдық

    Есепті кезең: 20____ жылғы ____ (жартыжылдық)

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

    уәкілетті органның аудандағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесіне –жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша;

    уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін;

    уәкілетті органға – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін.

    Ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу болмаған жағдайда объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша есептіліктің нөлдік нысаны (бос баған) ұсынылады.

    Жеке сәйкестендіру нөмірі/
    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

    Жинау әдісі: электрондық түрде (бизнес-серіктестер тізілімінде техникалық іркіліс болған жағдайда жинау қағаз түрінде жүзеге асырылады)

    1-кесте. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектісі (субъектісі) бойынша жалпы мәліметтер

    Р/с №
    Субъ­ек­ті­нің ата­уы
    Нақ­ты ор­на­лас­қан же­рі
    Ор­на­лас­қан же­рі, ко­ор­ди­нат­та­ры
    Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші бой­ын­ша (ЭҚ­ЖЖ) қыз­мет тү­рі
    Кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­нің са­на­ты
    Объ­ек­ті­нің ата­уы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    2-кесте. Пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу жөніндегі ақпарат
    Р/с №
    Пе­сти­цид­тер­ді қол­да­ну объ­ек­ті­ле­рі бой­ын­ша өн­ді­рі­стік жік­теу
    Пе­сти­цид­тің ата­уы (әсер ету­ші затты көр­се­те оты­рып)
    Есеп­ті ке­зең ба­сын­да­ғы қал­дық
    Есеп­ті ке­зең­де өн­ді­рі­л­ген
    Есеп­ті ке­зең­де өт­кі­зі­л­ген
    Пе­сти­цид­тер өт­кі­зі­л­ген субъ­ек­ті­нің (же­ке және (неме­се) заң­ды тұ­лға­лар) ата­уы
    Пе­сти­цид­тер өт­кі­зі­л­ген субъ­ек­ті­нің ор­на­лас­қан же­рі
    Есеп­ті ке­зең со­ңын­да­ғы қал­дық
    литр
    ки­ло­грамм
    литр
    ки­ло­грамм
    литр
    ки­ло­грамм
    литр
    ки­ло­грамм
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13

    Атауы _____________________ Мекенжайы ______________________ Телефоны _________________________________________ Электрондық почта мекенжайы __________________________ Орындаушы ____________________________ ___________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _______________________________ ______________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп» нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген. Пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы мәліметтер пестицидтердің түрлері бойынша (бар болса) көрсетіледі. Бастапқы есепті нысанды пестицидтер өндіруді жүзеге асыратын отандық өндірушілер ғана ұсынады.

    Күні 20__жылғы «___» _________

    Әкімшілік деректерді өтеусіз

    негізде жинауға арналған

    «Пестицидтерді өндіру және

    (немесе) өткізу

    туралы есеп»

    нысанға қосымша

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – № ФЕ-1, кезеңділігі жартыжылдық)

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2. Нысанды қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары толтырады.

    3. Нысан есепті тапсырған күнгі жай-күй бойынша өндірілген және өткізілген пестицидтердің нақты саны негізінде толтырылуға және ұсынылуға тиіс.

    4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.

    5. Нысанды:

    қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органның аудандағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша;

    уәкілетті органның аудандағы аумақтық бөлімшесі уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін;

    уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесі, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар уәкілетті органға – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін ұсынады.

    Ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу болмаған жағдайда объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша есептіліктің нөлдік нысаны (бос баған) ұсынылады.

    6. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    7. Нысанның 1-кестесінің 1-бағанында реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі.

    8. Нысанның 1-кестесінің 2-бағанында субъектінің толық атауы көрсетіледі.

    9. Нысанның 1-кестесінің 3-бағанында «Стандарттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2025 жылғы 16 қаңтардағы № 2-НҚ бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген ҚР ҰЖ 11 «Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші» Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес (бұдан әрі – әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші) нақты орналасқан жері көрсетіледі.

    10. Нысанның 1-кестесінің 4-бағанында орналасқан жері, координаттары көрсетіледі.

    11. Нысанның 1-кестесінің 5-бағанында экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша қызмет түрі көрсетіледі.

    12. Нысанның 1-кестесінің 6-бағанында субъектінің санаты көрсетіледі.

    13. Нысанның 1-кестесінің 7-бағанында объектінің атауы көрсетіледі.

    14. Нысанның 2-кестесінің 1-бағанында реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі.

    15. Нысанның 2-кестесінің 2-бағанында пестицидтерді қолдану объектілері бойынша өндірістік жіктеу көрсетіледі.

    16. Нысанның 2-кестесінің 3-бағанында пестицидтің (әсер етуші затты көрсете отырып) атауы көрсетіледі.

    17. Нысанның 2-кестесінің 4, 5-бағандарында есепті кезең басындағы пестицидтер қалдықтарының саны, литр/килограмм көрсетіледі.

    18. Нысанның 2-кестесінің 6, 7-бағандарында есепті кезеңде өндірілген пестицидтердің саны, литр/килограмм көрсетіледі.

    19. Нысанның 2-кестесінің 8, 9-бағандарында есепті кезеңде өткізілген пестицидтердің саны, литр/килограмм көрсетіледі

    20. Нысанның 2-кестесінің 10-бағанында пестицидтер (жеке және (немесе) заңды тұлғалар) өткізілген субъектінің атауы көрсетіледі.

    21. Нысанның 2-кестесінің 11-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес пестицидтер сатылған субъектінің орналасқан жері көрсетіледі.

    22. Нысанның 2-кестесінің 12, 13-бағандарында есепті кезең соңындағы пестицидтер қалдықтарының саны, литр/килограмм көрсетіледі.

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    міндетін атқарушы

    2026 жылғы 27 қаңтардағы

    № 34

    бұйрығына 2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    2015 жылғы 29 маусымдағы

    № 15-02/584 бұйрығына

    2-1-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    өтеусіз негізде жинауға

    арналған нысан

    Пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есеп

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган).

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz. интернет-ресурста орналастырылған

    Әкімшілік нысанның атауы: Пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есеп

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан индексі: № ФЕ-2

    Кезеңділігі: жартыжылдық

    Есепті кезең: 20____ жылғы ____ (жартыжылдық)

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

    уәкілетті органның аудандағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша;

    уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін нақты қозғалған орны бойынша;

    уәкілетті органға – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін.

    Ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында пестицидтерді импорттау және өткізу болмаған жағдайда объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша есептіліктің нөлдік нысаны (бос баған) ұсынылады.

    Жеке сәйкестендіру нөмірі/
    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

    Жинау әдісі: электрондық түрде (бизнес-серіктестер тізілімінде техникалық іркіліс болған жағдайда жинау қағаз түрінде жүзеге асырылады)

    1-кесте. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектісі (субъектісі) бойынша жалпы мәліметтер

    Р/с №
    Субъ­ек­ті­нің ата­уы
    Нақ­ты ор­на­лас­қан же­рі
    Ор­на­лас­қан же­рі, ко­ор­ди­нат­та­ры
    Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші бой­ын­ша (ЭҚ­ЖЖ) қыз­мет тү­рі
    Кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­нің са­на­ты
    Объ­ек­ті­нің ата­уы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    2-кесте. Пестицидтерді импорттау және өткізу туралы ақпарат
    р/с №
    Пе­сти­цид­тер­ді қол­да­ну объ­ек­ті­ле­рі бой­ын­ша өн­ді­рі­стік жік­теу
    Пе­сти­цид­тің ата­уы (әсер ету­ші затты көр­се­те оты­рып)
    Есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да­ғы қал­дық
    Есеп­ті ке­зең­де са­тып алын­ды
    Есеп­ті ке­зең­де іс­ке асы­рыл­ды
    Пе­сти­цид­тер (же­ке және (неме­се) заң­ды тұ­лға­лар) өт­кі­зі­л­ген субъ­ек­ті­нің ата­уы
    Пе­сти­цид­тер са­ты­л­ған субъ­ек­ті­нің ор­на­лас­қан же­рі
    Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да­ғы қал­дық
    бар­лы­ғы
    Им­порт бой­ын­ша
    Ел ішін­де
    са­ны
    Са­ту­шы­ның ата­уы
    са­ны
    Са­ту­шы­ның ата­уы
    литр
    ки­ло­грамм
    литр
    ки­ло­грамм
    литр
    ки­ло­грамм
    литр
    ки­ло­грамм
    литр
    ки­ло­грамм
    литр
    ки­ло­грамм
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19

    Атауы _____________________ Мекенжайы ______________________ Телефоны _________________________________________ Электрондық почта мекенжайы __________________________ Орындаушы ____________________________ ___________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _______________________________ ______________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есеп» нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген. Пестицидтерді импорттау және өткізу туралы мәліметтер пестицидтердің түрлері бойынша (бар болса) көрсетіледі. Бастапқы есепті нысанды импорттаушылар, дистрибьюторлар, пестицидтерді өткізушілер ұсынады.

    Күні 20__жылғы «___» _________

    Әкімшілік деректерді

    өтеусіз негізде жинауға арналған

    «Пестицидтерді импорттау

    және өткізу туралы есеп»

    нысанға қосымша

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есеп» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – № ФЕ – 2, кезеңділігі жартыжылдық)

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға араналған «Пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2. Нысанды қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары толтырады.

    3. Нысан есепті тапсырған күнгі жай-күй бойынша импортталған және өткізілген пестицидтердің нақты саны негізінде толтырылуға және ұсынылуға тиіс.

    4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.

    5. Нысанды:

    қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органның аудандағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша;

    уәкілетті органның аудандағы аумақтық бөлімшесі уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін;

    уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесі, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар уәкілетті органға – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін ұсынады.

    Ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында пестицидтердің қозғалысы болмаған жағдайда объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша есептіліктің нөлдік нысаны (бос баған) ұсынылады.

    6. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    7. Нысанның 1-кестесінің 1-бағанында реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі.

    8. Нысанның 1-кестесінің 2-бағанында субъектінің толық атауы көрсетіледі.

    9. Нысанның 1-кестесінің 3-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес нақты орналасқан жері көрсетіледі.

    10. Нысанның 1-кестесінің 4-бағанында орналасқан жері, координаттары көрсетіледі.

    11. Нысанның 1-кестесінің 5-бағанында экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша қызмет түрі көрсетіледі.

    12. Нысанның 1-кестесінің 6-бағанында кәсіпкерлік субъектінің санаты көрсетіледі.

    13. Нысанның 1-кестесінің 7-бағанында объектінің атауы көрсетіледі.

    14. Нысанның 2-кестесінің 1-бағанында реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі.

    15. Нысанның 2-кестесінің 2-бағанында пестицидтерді қолдану объектілері бойынша өндірістік жіктеу көрсетіледі.

    16. Нысанның 2-кестесінің 3-бағанында пестицидтің (әсер етуші затты көрсете отырып) атауы көрсетіледі.

    17. Нысанның 2-кестесінің 4, 5-бағандарында есепті кезең басындағы пестицидтер қалдықтарының саны, литр/килограм көрсетіледі.

    18. Нысанның 2-кестесінің 6, 7-бағандарында есепті кезеңде сатып алынған пестицидтердің жалпы саны, литр/килограмм көрсетіледі.

    19. Нысанның 2-кестесінің 8, 9-бағандарында импорт бойынша сатып алынған пестицидтердің саны, литр/килограмм көрсетіледі.

    20. Нысанның 2-кестесінің 10-бағанында импорт бойынша өткізушінің атауы көрсетіледі.

    21. Нысанның 2-кестесінің 11, 12-бағандарында ел ішінде сатып алынған пестицидтердің саны, литр/килограмм көрсетіледі.

    22. Нысанның 2-кестесінің 13-бағанында ел ішіндегі сатушының атауы көрсетіледі.

    23. Нысанның 2-кестесінің 14, 15-бағандарында есепті кезеңде өткізілген пестицидтердің саны, литр/килограмм көрсетіледі.

    24. Нысанның 2-кестесінің 16-бағанында пестицидтер (жеке және (немесе) заңды тұлғалар) өткізілген субъектінің атауы көрсетіледі.

    25. Нысанның 2-кестесінің 17-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес пестицидтер сатылған субъектінің орналасқан жері көрсетіледі.

    26. Нысанның 2-кестесінің 18, 19-бағандарында есепті кезең соңындағы пестицидтер қалдықтарының саны, литр/килограмм көрсетіледі.

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы

    министрінің міндетін атқарушы

    2026 жылғы 27 қаңтардағы

    № 34

    бұйрығына 3-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    2015 жылғы 29 маусымдағы

    № 15-02/584 бұйрығына

    2-2-қосымша

    Әкімшілік деректерді өтеусіз

    негізде жинауға арналған

    нысан

    Пестицидтерді сақтау туралы есеп

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган).

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz. интернет-ресурста орналастырылған

    Әкімшілік нысанның атауы: Пестицидтерді сақтау туралы есеп

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан индексі: № ФЕ-3

    Кезеңділігі: жартыжылдық

    Есепті кезең: 20____ жылғы (жартыжылдық)

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

    уәкілетті органның аудандағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша;

    уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін;

    уәкілетті органға – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін.

    Ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында пестицидтерді сақтау болмаған жағдайда объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша есептіліктің нөлдік нысаны (бос баған) ұсынылады.

    Жеке сәйкестендіру нөмірі/
    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

    Жинау әдісі: электрондық түрде (бизнес-серіктестер тізілімінде техникалық іркіліс болған жағдайда жинау қағаз түрінде жүзеге асырылады)

    1-кесте. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектісі (субъектісі) бойынша жалпы мәліметтер

    Р/с №
    Субъ­ек­ті­нің ата­уы
    Нақ­ты ор­на­лас­қан же­рі
    Ор­на­лас­қан же­рі, ко­ор­ди­нат­та­ры
    Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші бой­ын­ша (ЭҚ­ЖЖ) қыз­мет тү­рі
    Кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­нің са­на­ты
    Объ­ек­ті­нің ата­уы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    2-кесте. Пестицидтерді сақтау туралы ақпарат
    Р/с №
    Пе­сти­цид­тер­ді қол­да­ну объ­ек­ті­ле­рі бой­ын­ша өн­ді­рі­стік жік­теу
    Пе­сти­цид­тің ата­уы (әсер ету­ші затты көр­се­те оты­рып)
    Есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да бо­луы
    Есеп­ті ке­зең­де ке­ліп тү­сті
    Есеп­ті ке­зең­де боса­тыл­ды
    Есеп­ті ке­зең со­ңын­да­ғы қал­дық
    Қой­ма үй-жай­ла­ры­ның ор­на­лас­қан же­рі
    литр
    ки­ло­грамм
    литр
    ки­ло­грамм
    литр
    ки­ло­грамм
    литр
    ки­ло­грамм
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    Атауы _____________________
    Мекенжайы ______________________
    Телефоны _________________________________________
    Электрондық почта мекенжайы __________________________

    Орындаушы ____________________________ ___________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ______________________________ ______________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Пестицидтерді сақтау туралы есеп» нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген. Пестицидтерді сақтау туралы мәліметтер пестицидтердің түрлері бойынша (бар болса) көрсетіледі.

    Күні 20__жылғы «___» _________

    Әкімшілік деректерді

    өтеусіз негізде жинауға арналған

    «Пестицидтерді

    сақтау туралы есеп»

    нысанға қосымша

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Пестицидтерді сақтау туралы есеп» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – № ФЕ – 3, кезеңділігі жартыжылдық)

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Пестицидтерді сақтау туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2. Нысанды қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары толтырады.

    3. Нысан есепті тапсырған күні сақтаудағы пестицидтердің саны туралы нақты деректер негізінде толтырылуға және ұсынылуға тиіс.

    4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.

    5. Нысанды:

    қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органның аудандағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша;

    уәкілетті органның ауданының аумақтық бөлімшесі уәкілетті органның облысының аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін;

    уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесі, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар уәкілетті органға – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін ұсынады.

    Ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында пестицидтерді сақтау болмаған жағдайда объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша есептіліктің нөлдік нысаны (бос баған) ұсынылады.

    6. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    7. Нысанның 1-кестесінің 1-бағанында реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі.

    8. Нысанның 1-кестесінің 2-бағанында субъектінің толық атауы көрсетіледі.

    9. Нысанның 1-кестесінің 3-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес нақты орналасқан жері көрсетіледі.

    10. Нысанның 1-кестесінің 4-бағанында орналасқан жері, координаттары көрсетіледі.

    11. Нысанның 1-кестесінің 5-бағанында экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша қызмет түрі көрсетіледі.

    12. Нысанның 1-кестесінің 6-бағанында субъектінің санаты көрсетіледі.

    13. Нысанның 1-кестесінің 7-бағанында объектінің атауы көрсетіледі.

    14. Нысанның 2-кестесінің 1-бағанында реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі.

    15. Нысанның 2-кестесінің 2-бағанында пестицидтерді қолдану объектілері бойынша өндірістік жіктеу көрсетіледі.

    16. Нысанның 2-кестесінің 3-бағанында пестицидтің (әсер етуші затты көрсете отырып) атауы көрсетіледі.

    17. Нысанның 2-кестесінің 4, 5-бағандарында есепті кезең басында бар пестицидтердің саны, литр/килограмм көрсетіледі.

    18. Нысанның 2-кестесінің 6, 7-бағандарында есепті кезең ішінде келіп түскен пестицидтердің саны, литр/килограмм) көрсетіледі.

    19. Нысанның 2-кестесінің 8, 9-бағандарында есепті кезең ішінде босатылған пестицидтердің саны, литр/килограмм көрсетіледі.

    20. Нысанның 2-кестесінің 10, 11-бағандарында есепті кезең соңында бар пестицидтердің саны, литр/килограмм көрсетіледі.

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы

    министрінің міндетін атқарушы

    2026 жылғы 27 қаңтардағы

    № 34

    бұйрығына 4-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    2015 жылғы 29 маусымдағы

    № 15-02/584 бұйрығына

    2-3-қосымша

    Әкімшілік деректерді өтеусіз

    негізде жинауға арналған

    нысан

    Химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есеп

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган).

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz. интернет-ресурста орналастырылған

    Әкімшілік нысанның атауы: Химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есеп

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан индексі: № ФЕ-4

    Кезеңділігі: ай сайын

    Есепті кезең: 20____ жылғы____

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

    уәкілетті органның аудандағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесіне – химиялық өңдеулерді жүргізудің нақты мекенжайы бойынша ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі әр айдың 5-күніне дейін;

    уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесіне – ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі әр айдың 15-күніне дейін;

    уәкілетті органға – ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі әр айдың 20-күніне дейін.

    Ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында химиялық өңдеулер жүргізу болмаған жағдайда объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша есептіліктің нөлдік нысаны (бос баған) ұсынылады.

    Жеке сәйкестендіру нөмірі/
    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

    Жинау әдісі: электрондық түрде (бизнес-серіктестер тізілімінде техникалық іркіліс болған жағдайда жинау қағаз түрінде жүзеге асырылады)

    1-кесте. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектісі (субъектісі) бойынша жалпы мәліметтер

    Р/с №
    Субъ­ек­ті­нің ата­уы
    Нақ­ты ор­на­лас­қан же­рі
    Ор­на­лас­қан же­рі, ко­ор­ди­нат­та­ры
    Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші бой­ын­ша (ЭҚ­ЖЖ) қыз­мет тү­рі
    Кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­нің са­на­ты
    Объ­ек­ті­нің ата­уы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    2-кесте. Химиялық өңдеулерді жүргізу туралы ақпарат
    Р/с №
    Зи­ян­ды ор­га­низ­мнің ата­уы
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қы­лы­ның (ал­қап­тың) ата­уы
    Аса қа­уіп­ті зи­ян­ды ор­га­низ­мнің және (неме­се) са­ны зи­ян тигі­зу­дің эко­но­ми­ка­лық ше­гі­нен жо­ға­ры зи­ян­ды ор­га­низ­мнің/ка­ран­т­ин­дік объ­ек­ті­нің та­ра­лу ала­ңы, мың гек­тар
    Ка­дастр­лық нө­мі­рі/та­нап нө­мі­рі
    Өң­деу ала­ңы (кө­ле­мі), мың гек­тар/мың тон­на
    Пе­сти­цид­тер­мен өң­деу жө­нін­де­гі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді жет­кі­зу­ші­нің ата­уы (оны тар­тқан жағ­дай­да)
    Ата­уы
    Пе­сти­цид­тер­дің жұм­сал­ға­ны
    тү­рі
    мар­ка­сы
    са­ны,да­на
    Пе­сти­цид­тер­ді қол­да­ну объ­ек­ті­ле­рі бой­ын­ша өн­ді­рі­стік жік­теу
    Пе­сти­цид­тің (әсер ету­ші затты көр­се­те оты­рып) ата­уы
    литр
    ки­ло­грамм
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14

    Атауы _____________________ Мекенжайы ______________________ Телефоны _________________________________________ Электрондық почта мекенжайы __________________________ Орындаушы ____________________________ ___________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _______________________________ ______________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есеп» нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген. Жүргізілген химиялық өңдеулер туралы мәліметтер қолданылған пестицидтердің түрлері бойынша (бар болса) көрсетіледі.

    Күні 20__жылғы «___» _________

    Әкімшілік деректерді

    өтеусіз негізде

    жинауға арналған

    «Химиялық өңдеулерді

    жүргізу туралы есеп»

    нысанға қосымша

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есеп» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – № ФЕ – 4, кезеңділігі ай сайын)

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2. Нысанды қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары толтырады.

    3. Нысан есепті тапсырған күнгі жай-күй бойынша химиялық өңдеулерді жүргізу туралы нақты деректер негізінде толтырылуға және ұсынылуға тиіс.

    4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.

    5. Нысанды:

    қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органның аудандағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесіне – химиялық өңдеулерді жүргізудің нақты мекенжайы бойынша ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі әр айдың 5-күніне дейін;

    уәкілетті органның аудандағы аумақтық бөлімшесі уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесіне – ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі әр айдың 15-күніне дейін;

    уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесі, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар уәкілетті органға – ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 20-күніне дейін ұсынады.

    Ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында химиялық өңдеулер жүргізілмеген жағдайда объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша есептіліктің нөлдік нысаны (бос баған) ұсынылады.

    6. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    7. Нысанның 1-кестесінің 1-бағанында реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі.

    8. Нысанның 1-кестесінің 2-бағанында субъектінің толық атауы көрсетіледі.

    9. Нысанның 1-кестесінің 3-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес нақты орналасқан жері көрсетіледі.

    10. Нысанның 1-кестесінің 4-бағанында орналасқан жері, координаттары көрсетіледі.

    11. Нысанның 1-кестесінің 5-бағанында экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша қызмет түрі көрсетіледі.

    12. Нысанның 1-кестесінің 6-бағанында кәсіпкерлік субъектінің санаты көрсетіледі.

    13. Нысанның 1-кестесінің 7-бағанында объектінің атауы көрсетіледі.

    14. Нысанның 2-кестесінің 1-бағанында реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі.

    15. Нысанның 2-кестесінің 2-бағанында зиянды организмнің атауы көрсетіледі.

    16. Нысанның 2-кестесінің 3-бағанында ауыл шаруашылығы дақылының (алқаптың) атауы көрсетіледі.

    17. Нысанның 2-кестесінің 4-бағанында аса қауіпті зиянды организмнің және (немесе) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды организмнің / карантиндік объектінің таралу алаңы, мың гектар көрсетіледі.

    18. Нысанның 2-кестесінің 5-бағанында кадастрлық нөмірі/танап нөмірі көрсетіледі.

    19. Нысанның 2-кестесінің 6-бағанында өңдеу алаңы (көлемі), мың гектар көрсетіледі.

    20. Нысанның 2-кестесінің 7-бағанында пестицидтермен өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы (оны тартқан жағдайда) көрсетіледі.

    21. Нысанның 2-кестесінің 8-бағанында химиялық өңдеуді жүргізген техниканың түрі көрсетіледі.

    22. Нысанның 2-кестесінің 9-бағанында химиялық өңдеуді жүргізген техниканың маркасы көрсетіледі.

    23. Нысанның 2-кестесінің 10-бағанында химиялық өңдеуді жүргізген техника, саны, дана көрсетіледі.

    24. Нысанның 2-кестесінің 11-бағанында жұмсалған пестицидтерді қолдану объектілері бойынша өндірістік жіктеуі көрсетіледі.

    25. Нысанның 2-кестесінің 12-бағанында жұмсалған пестицидтердің атауы (әсер етуші затты көрсете отырып) көрсетіледі.

    26. Нысанның 2-кестесінің 13-бағанында жұмсалған пестицидтердің саны, литр көрсетіледі.

    27. Нысанның 2-кестесінің 14-бағанында жұмсалған пестицидтердің саны, килограмм көрсетіледі.

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы

    министрінің міндетін атқарушы

    2026 жылғы 27 қаңтардағы

    № 34

    бұйрығына 5-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    2015 жылғы 29 маусымдағы

    № 15-02/584 бұйрығына

    2-4-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    өтеусіз негізде

    жинауға арналған

    нысан

    Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган).

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz. интернет-ресурста орналастырылған

    Әкімшілік нысанның атауы: Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан индексі: № ФЕ-5

    Кезеңділігі: жылдық

    Есепті кезең: 20____ жылғы

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

    уәкілетті органның аудандағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесіне – жыл сайын, 5 қаңтарға дейін тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын нақты залалсыздандыру орны бойынша;

    уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесіне – жыл сайын, 15 қаңтарға дейін тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын нақты залалсыздандыру орны бойынша;

    уәкілетті органға – жыл сайын, 20 қаңтарға дейін.

    Ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру болмаған жағдайда объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша есептіліктің нөлдік нысаны (бос баған) ұсынылады.

    Жеке сәйкестендіру нөмірі/
    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

    Жинау әдісі: электрондық түрде (бизнес-серіктестер тізілімінде техникалық іркіліс болған жағдайда жинау қағаз түрінде жүзеге асырылады)

    1-кесте. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектісі (субъектісі) бойынша жалпы мәліметтер

    Р/с №
    Субъектінің атауы
    Нақты орналасқан жері
    Орналасқан жері, координаттары
    Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша (ЭҚЖЖ) қызмет түрі
    Кәсіпкерлік субъектінің санаты
    Объектінің атауы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    2-кесте. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі ақпарат
    Р/с №
    Тый­ым са­лын­ған, жа­рам­сыз бо­лып қал­ған пе­сти­цид­тер­ді және олар­дың ыдыс­та­рын, сон­дай-ақ пай­да­ла­ны­л­ған пе­сти­цид­тер­дің ыдыс­та­рын за­лал­сыздан­ды­ру­ға жет­кіз­ген же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың ата­уы
    Тый­ым са­лын­ған, жа­рам­сыз бо­лып қал­ған пе­сти­цид­тер
    Пай­да­ла­ны­л­ған пе­сти­цид­тер­дің ыдысы
    Тый­ым са­лын­ған, жа­рам­сыз бо­лып қал­ған пе­сти­цид­тер­ді және олар­дың ыдыс­та­рын, сон­дай-ақ пай­да­ла­ны­л­ған пе­сти­цид­тер­дің ыдыс­та­рын за­лал­сыздан­ды­ру­ға қа­был­да­ған же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың ата­уы
    За­лал­сыздан­ды­ру кү­ні
    Бун­кер­дің нө­мі­рі, ор­на­лас­қан же­рі
    Пе­сти­цид­тер­ді қол­да­ну объ­ек­ті­ле­рі бой­ын­ша өн­ді­рі­стік жік­теу
    Пе­сти­цид­тің ата­уы (әсер ету­ші затты көр­се­те оты­рып) ата­уы
    литр
    ки­ло­грамм
    Пе­сти­цид­тер ыдыс­та­ры ма­те­ри­а­лы­ның ата­уы
    Са­ны (да­на)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11

    Атауы _____________________ Мекенжайы ______________________ Телефоны _________________________________________ Электрондық почта мекенжайы __________________________ Орындаушы ____________________________ ___________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ______________________________ ______________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп» нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген. Залалсыздандыру туралы мәліметтер пестицидтердің атауын, санын және залалсыздандыру (бар болса) тәсілін көрсете отырып, олардың түрлері бөлінісінде көрсетіледі. Бастапқы есепті нысанды импорттаушылар, дистрибьюторлар, өткізушілер ұсынады.

    Күні 20__жылғы «___» _________

    Әкімшілік деректерді өтеусіз

    негізде жинауға арналған

    «Тыйым салынған, жарамсыз болып

    қалған пестицидтерді және олардың

    ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған

    пестицидтердің ыдыстарын

    залалсыздандыру жөніндегі есеп»

    нысанға қосымша

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – № ФЕ – 5, кезеңділігі жылдық)

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2. Нысанды қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары толтырады.

    3. Нысан есепті тапсырған күнгі жай-күй бойынша тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру туралы нақты деректер негізінде толтырылуға және ұсынылуға тиіс.

    4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.

    5. Нысанды:

    қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органның аудандағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесіне – жыл сайын, 5 қаңтарға дейін;

    уәкілетті органның аудандағы аумақтық бөлімшесі уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесіне – жыл сайын, 15 қаңтарға дейін;

    уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесі, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар уәкілетті органға – жыл сайын, 20 қаңтарға дейін ұсынады.

    Ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру болмаған жағдайда объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша есептіліктің нөлдік нысаны (бос баған) ұсынылады.

    6. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    7. Нысанның 1-кестесінің 1-бағанында реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі.

    8. Нысанның 1-кестесінің 2-бағанында субъектінің толық атауы көрсетіледі.

    9. Нысанның 1-кестесінің 3-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес нақты орналасқан жері көрсетіледі.

    10. Нысанның 1-кестесінің 4-бағанында орналасқан жері, координаттары көрсетіледі.

    11. Нысанның 1-кестесінің 5-бағанында экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша қызмет түрі көрсетіледі.

    12. Нысанның 1-кестесінің 6-бағанында кәсіпкерлік субъектінің санаты көрсетіледі.

    13. Нысанның 1-кестесінің 7-бағанында объектінің атауы көрсетіледі.

    14. Нысанның 2-кестесінің 1-бағанында реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі.

    15. Нысанның 2-кестесінің 2-бағанында тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыруға жеткізген жеке және заңды тұлғалардың атауы көрсетіледі.

    16. Нысанның 2-кестесінің 3-бағанында тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді қолдану объектілері бойынша өндірістік жіктеуі көрсетіледі.

    17. Нысанның 2-кестесінің 4-бағанында тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтердің (әсер етуші затты көрсете отырып) атауы көрсетіледі.

    18. Нысанның 2-кестесінің 5-бағанында тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтердің саны, литр көрсетіледі.

    19. Нысанның 2-кестесінің 6-бағанында тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтердің саны, килограмм көрсетіледі.

    20. Нысанның 2-кестесінің 7-бағанында пестицидтер ыдыстары материалының атауы көрсетіледі.

    21. Нысанның 2-кестесінің 8-бағанында пайдаланылған пестицидтер ыдыстарының саны (дана) көрсетіледі.

    22. Нысанның 2-кестесінің 9-бағанында тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыруға қабылдаған жеке және заңды тұлғалардың атауы көрсетіледі.

    23. Нысанның 2-кестесінің 10-бағанында залалсыздандыру күні көрсетіледі.

    24. Нысанның 2-кестесінің 11-бағанында бункердің нөмірі, орналасқан жері көрсетіледі.

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы

    министрінің міндетін атқарушы

    2026 жылғы 27 қаңтардағы

    № 34

    бұйрығына 6-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    2015 жылғы 29 маусымдағы

    № 15-02/584 бұйрығына

    3-қосымша

    Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 15) тармақшасына, 13-бабының және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну тәртібін айқындайды.

    2. Фитосанитариялық есепке алу өсімдіктерді қорғау құралдарына, мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерінің фитосанитариялық жай-күйіне, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 249 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32940 болып тіркелген) бекітілген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент талаптарының сақталуына, сондай-ақ жүргізілетін фитосанитариялық іс-шаралардың көлемі мен тиімділігіне мониторинг жүргізу мақсатында жүзеге асырылады.

    2-тарау. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну тәртібі

    3. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – фитосанитариялық есепке алу субъектісі) фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелеріне осы бұйрыққа 2, 2-1, 2-2, 2-3 және 2-4-қосымшаларына сәйкес пестицидтерді өндіру, өткізу, қолдану, қозғалысы, сақтау, залалсыздандыру орны бойынша фитосанитариялық есепке алу нысандарын (бұдан әрі – фитосанитариялық есепке алу) ұсынады.

    4. Фитосанитариялық есептерді фитосанитариялық есепке алу субъектілері мынадай мерзімдерде ұсынады:

    1) пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есепті, жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін;

    2) пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есепті, жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін;

    3) пестицидтерді сақтау туралы есепті жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін;

    4) химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есепті ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін;

    5) тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есепті жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 қаңтарына дейін.

    5. Уәкілетті органның аудандардағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары фитосанитариялық есепке алу субъектілері ұсынған фитосанитариялық есептердің негізінде фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органның облыстардағы аумақтық бөлімшелеріне фитосанитариялық есептерді ұсынады.

    6. Фитосанитариялық есептерді уәкілетті органның аудандардағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары мынадай мерзімдерде ұсынады:

    1) пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есепті, жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін;

    2) пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есепті, жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін;

    3) пестицидтерді сақтау туралы есепті, жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін;

    4) химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есепті, ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 15-күніне дейін;

    5) тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есепті, жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 15 қаңтарына дейін.

    7. Уәкілетті органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары уәкілетті органның аудандардағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары/фитосанитариялық есепке алу субъектілері ұсынған фитосанитариялық есептердің негізінде фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органға фитосанитариялық есептерді ұсынады.

    8. Фитосанитариялық есептерді уәкілетті органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары мынадай мерзімдерде ұсынады:

    1) пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есепті, жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін;

    2) пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есепті, жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін;

    3) пестицидтерді сақтау туралы есепті, жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін;

    4) химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есепті, ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 20-күніне дейін;

    5) тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есепті, жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 20 қаңтарына дейін.

    9. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар фитосанитариялық есепке алу жүргізіледі және осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзімдерде уәкілетті органға фитосанитариялық есептер ұсынылады.

    10. Фитосанитариялық есептерді басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде бизнес-әріптестер тізілімі (бұдан әрі – «Тізілім» АЖ) арқылы ұсынылады.

    «Тізілім» АЖ-да техникалық іркіліс болған жағдайда фитосанитариялық есептер қағаз нысанында жіберіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.