Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

    Күші жойылған
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:

    1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-бап) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

    мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

    "4. Осы қаулыға 1-қосымшада аталған мемлекеттiк органдар лицензия беруде жекелеген аймақтарда белгiлi бiр қызметтер мен тауарлар өндiрушiлерiнiң монополиялық жағдайына жол бермей және өндiрiстiк қуаттардың орынсыз ыдыратылуын шектей отырып, республикалық нарықтың қалыптасуына белсендi ықпал жасайтын болсын".

    2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жоғарыда аталған қаулысына сәйкес қоғамдық тамақтандыру пункттерiнiң қызметi, май құю стансаларын ұстау мен пайдалану, лотереялар (мемлекеттерден басқасы,), тотализаторлар мен казинолар ұйымдастыру мен өткiзу қызметтiң лицензиялауға жататын түрлерi болып табылатындығы назарға алынсын.

    3. 3-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.08.13. N 1007 қаулысымен.

    4. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi арақ-шарап өнiмдерi мен спирт шығаруға берiлген лицензияларға түгендеу жүргiзсiн.

    5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Г.Г.Штойкке жүктелсiн.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.