Көшеге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Махамбет ауылы тұрғындарымен өткізілген 2025 жылғы 31 қазандағы № 16 хаттамасы және облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 20 қантарындағы № 2 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Махамбет ауылы, Мерей шағын ауданындағы № 43 атауы жоқ көшеге «Төлеуғали Қашаубаев», Махамбет ауылы, Мерей шағын ауданындағы № 44 атауы жоқ көшеге «Хамза Қашауов», Махамбет ауылы, Мерей шағын ауданындағы № 45 атауы жоқ көшеге «Адай Есенғалиев» атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімінің уақытша міндетін атқарушы
Т. Бертлеуов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.