Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1262 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

    Күші жойылған
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1262 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

    "Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсетудi, жылжымайтын мүлiктi бағалауды лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1262 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 37, 359-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

    2-тармақтағы "1 қаңтарына дейiн" деген сөздер "1 сәуiрiне дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

    6-тармақтағы "бiр ай мерзiм iшiнде" деген сөздер алынып тасталынсын;

    көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы ережеде:

    1-тармақтағы "мен оның аумақтық органдары" деген сөздер алынып тасталсын.

    IХ тарау алынып тасталсын.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.