Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 шiлдедегi № 326 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 қаңтар 2026 ж.

    Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 шiлдедегi № 326 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесі мен оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 шiлдедегi № 326 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28848 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесіне Іріктеу өлшемшарттарында:

    мынадай мазмұндағы 1-1-параграфпен толықтырылсын:

    «1-1-параграф. Ғылыми жобалардың халықаралық конкурстары

    Өл­шем­шар­ттар­дың ата­уы
    1.
    Ак­кре­дит­теу – қа­ты­су­шы ел­дер үшін әлем­дік дең­гей­де­гі ғы­лы­ми жо­ба­лар­дың ха­лы­қа­ра­лық кон­кур­ста­ры­на қа­ты­су ал­дын­да­ғы мін­дет­ті рә­сім.
    Қа­зақ­стан­ның құ­ра­ма ко­ман­да­сы ғы­лы­ми жо­ба­лар­дың ха­лы­қа­ра­лық кон­кур­ста­рын ұй­ым­да­сты­ру­шы­лар қой­ған кво­та­ға сәй­кес қа­лып­та­сты­ры­ла­ды. Әлем­дік ма­ңы­зы бар ғы­лы­ми жо­ба­лар­дың ха­лы­қа­ра­лық кон­кур­ста­ры­ның негіз­гі өл­шем­шар­ты - сан­дық құ­ра­мы еш­қан­дай жағ­дай­да өзгер­мей­тін қа­ты­су­шы ел­ден бір құ­ра­ма ко­ман­да­ны ұсы­ну
    2.
    Құ­ра­ма ко­ман­да­ны рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ру
    3.
    Бар­лық кон­ти­нент­тер ел­де­рі­нің қа­ты­суы (80-нен астам қа­ты­су­шы ел)
    4.
    Ұй­ым­да­сты­ру­шы ел­дің жыл сай­ын ауы­суы
    5.
    Олим­пи­а­да­ны 15 жыл бойы өт­кі­зу (үзі­ліс­сіз)
    6.
    Қа­ты­су­шы ел­дер са­ны­ның ұл­ға­юы
    7.
    Бір ел­ден бір құ­ра­ма ко­ман­да­дан ар­тық бол­мау
    8.
    Ұй­ым­да­сты­ру­шы ел­дің ре­сми сай­тын­да жа­ри­я­лан­ған нәти­же­лер­дің ор­на­ла­сты­ры­луы және олар­ды ұсы­ну
    ».
    2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.
    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы

    Ж. Шарабасов

    КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ғылым және жоғары білім

    министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.